Мақала мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ана тұлғасы тәрбиелеу стиліне, балаларды дамыту мен оңалтуға елеулі әсер етеді. Науқас баланың тууы - ана үшін үлкен стресс және психологиялық жарақат. 50 ананың іріктеу арқылы салыстырмалы эмпирикалық зерттеу нәтижесінде ауру балаларды тәрбиелеп отырған аналар дені сау балалардың анасымен салыстырғанда, сензитивтілік, ригидтік және агрессивтіліктің жоғары деңгейімен сипатталатынын көрсетті. Сондай-ақ, науқас балалардың аналарында баланың денсаулығына аса шиеленіскен қатынас, баланың белсенділігін шектеуге ұмтылу және оның ауруының гипер-немесе гипонозогнозиясы анықталды. Аналар тұлғасының анықталған ерекшеліктері созылмалы мүгедек ауруымен ауыратын баланың отбасына кешенді көмек көрсету арқылы жеке және отбасылық психотерапия жүргізуге негіз бола алады.
СОЗЫЛМАЛЫ МҮГЕДЕК АУРУЫМЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН АНАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ (психикалық ауруы бар балалар мысалында)
Жарияланған May 2021
100
49
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
аналардың тұлғалық ерекшеліктері, бала ауруына қатынасы, созылмалы мүгедек ауруымен ауыратын балалар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Касымжанова А.А. ,. Кудайбергенова Б.К., С.К. Кудайбергенова, Л.О. Баймолдина 2021. СОЗЫЛМАЛЫ МҮГЕДЕК АУРУЫМЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН АНАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ (психикалық ауруы бар балалар мысалында). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 62, 1 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7847.50.