Бұл мақалада сөйлеу тілі бұзылған балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа бағытының бірі – лэпбук әдісі туралы деректер келтірілді. Білім беру стандарттарына сай білім беру саясаты педагогтардың үнемі дамуын және инновациялық әлеуетін көтерудің жолдарын қолдайды. Аталған әдістердің бірі ретінде лэпбук әдісін алуға болады. Лэпбук әдісі дамытушы альбом түріндегі оқыту құралы болып табылады. Көздеген мақсатқа орай материалдар қалташаларға орналастырылып, әртүрлі әдістер кешенін құрайды. Әдістің артықшылығы – көрнекілік – бейнелік сипатының айқындығы мен әдісті түрлендіру жолдарының болуында.
Зерттеу жұмысы аясында лэпбук әдісінің тиімділігін тексеру үшін зерттеу эксперименті ұйымдастырылды. Зерттеу эксперименті барысында балалардың байланыстырып сөйлеуі мен сөздік қорының деңгейі тексерілді. Нәтижелеріне сүйеніп, лэпбук арқылы дамытудың алғышарттары келтірілді.