Қазіргі таңда білім беру парадигмасы өзгеруі жағдайында әрбір білім беру ұйымының іс-әрекетінің нәтижесі ең алдымен, менеджменттің заманауи тәсілдері мен қағидаларын қолдануға байланысты. Сол себепті де мақала бүгінгі күн сұранысына ие мәселе – болашақ педагог-психологтың менеджерлік құзыреттілігін қалыптастыруға арналған. Авторлар ғылыми-зерттеу тақырыбына қатысты теориялық материалдарды жан-жақты талдау жасап, ой тұжырымдарын ұсынуға тырысқан. Бұл орайда, «менеджерлік құзыреттілік», «болашақ педагог-психологтың менеджерлік құзыреттілігін қалыптастыру» ұғымдарын нақтылап, педагог-психологтың кәсіби маңызды сапаларын, болашақ педагогтардың менеджерлік құзыреттілігін қалыптастырудың компоненттері мен көрсеткіштерін айқындау сияқты өзекті мәселелерді ашқан.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ МЕНЕДЖЕРЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған May 2021
93
63
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ж.И. Сардарова . Ш.И. Джанзакова , А.С. Иманғалиев . А.Б. Атимова 2021. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ МЕНЕДЖЕРЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 62, 1 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7847.48.