Мақала бүгінгі таңдағы өзекті мәселе қазіргі толассыз ақпараттық кезеңдегі үздіксіз ақпарат пен мәтінді сындарлы ойлау тұрғысынан талдап барып қабылдауға, сындарлы ойлауды дамытуға арналған. Авторлар ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасай отырып, болашақ мұғалімдерді оқушылардың сындарлы ойлауын дамытуға даярлаудың маңыздылығы мен қажеттілігін және сындарлы ойлаудың құрылымдық мазмұнын, компоненттерін ашуға тырысқан. Сындарлы ойлауды дамыту технологиясы кезеңдері, олардың мақсаты, оқытушының, білім алушылардың әрекеті және білім алушылардың білімдерінің даму механизміне қатысты мәселелер жан-жақты талданған. Күнделікті практикаға сәйкес танымдық тапсырмаларды шешуде сындарлы ойлаудың атқаратын қызметтерін және оны тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін психологиялық- педагогикалық шарттар тұжырымдалған.
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
сындарлы (сыни) ойлау), ақыл-ой қызметі, толассыз ақпарат, талдау, бағалау, рефлексивті ойлау, объективті тұжырым
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сардарова Ж.И . Джанзакова Ш.И. Дамуов Н.Г., Хамзина Н.И 2021. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ СЫНДАРЛЫ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ ҚАЖЕТТІЛІГІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 62, 1 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7847.47.