Мақалада болашақ мамандардың кәсіби қызметке кәсіби даярлығының сипаттамасы қарастырылады, оның факторлары мен компоненттері анықталады. Сондай-ақ, болашақ мамандардың Қазақстан Республикасындағы жаңартылған білім беру жүйесіндегі кәсіби қызметке психологиялық даярлығы мәселесі көтеріледі. Болашақ маманның өзінің кәсіби қызметіне даярлығы маңызды рөл атқарады, оның негізгі компоненттерінің бірі психологиялық даярлық болып табылады. Студенттердің кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлығын қалыптастыруды зерттеуді мақсат ете отырып, авторлар бақылау, сауалнама, "Коммуникативті бақылау деңгейін зерттеу" әдістемесі (М.Шнайдер), "Тұлғаның бағыттылығы сауалнамасы" (В. Смекал, М. Кучер) және Д. Холландтың "Жеке тұлғаның типологиясы және тартымды кәсіби орта" әдістемелерін қолданады. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасалып, мәселені шешуге бағытталған ұсыныстар берілді. Теориялық талдау, эмпирикалық зерттеу нәтижелері студенттердің болашақ кәсіби қызметіне психологиялық даярлығын тиімді қалыптастыру үшін бағдарлама әзірлеуге мүмкіндік берді және ол ұсынылды.
ЖОО СТУДЕНТТЕРІН КӘСІБИ ІС ӘРЕКЕТКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Жарияланған June 2022
114
130
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
студент, кәсіби іс-әрекет, психологиялық даярлық, тұлғаның бағыттылығы, коммуникативті бақылау деңгейі.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сәлмеке, С., Дүйсенбаева , А. , Лимашева, Л. і РАЙС, Г. 2022. ЖОО СТУДЕНТТЕРІН КӘСІБИ ІС ӘРЕКЕТКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 70, 1 (Чер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7847.25.