Бұл мақалада ұл бала мен ана қатынасының ерекшеліктері, тәуелділік және бауырмалдық сияқты мәселесі қарастырылады. Ұл мен ана арасындағы қатынас психологиясы екі позициядан қарастырылады: ана тарапынан және ұл тарапынан. Отбасындағы ананың белгілі бір тәрбиелік міндеттерді шешу қабілеті мен дайындығын бағалау ретінде, балаға өмірлік тәжірибені беруге және өзіне-өзі өмір сүруде және тәрбиелік әлеуетте оған көмек көрсетуге байланысты ана феномені сипатталған. Ұл бала мен ана арасындағы өзара қатынасында бауыр басумен сипатталатын объективті қажеттілік, эмоционалдық қанағаттанушылық, нақты тәрбиелік функциялары қарастырылады. Ұл бала мен ана арасындағы қатынасты зерттеу ұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіну үшін де, психологиялық-педагогикалық практиканы ұйымдастыру үшін де өте маңызды болып табылады. Жақындық, махаббат, сенім жағдайында қатынас, бір-біріне қамқорлық жасау ұл баланың психикасына күшті әсер етеді және одан әрі эмоционалдық уайымдарына, оның қажеттіліктерін іске асыруға кең ауқымды мүмкіндік береді, осылайша ол үшін шынайы әлеуметтік сезімдер мектебіне айналады. Ана-әрбір ер адамның жолындағы ең алғашқы әйел болғандықтан оның болашақ махаббат өмірін бейсаналық түрде анықтайды. Оның махаббатымен басқа ештеңе салыстыруға болмайтындығын әрбір ана түсінеді. Ана мен ұлы арасындағы байланыстың үлкен маңызы бар болғандықтан, болашақ ер адамның ары қарай өмір сүруіне әсер етеді. Бұл қатынастардағы негізгі проблема ананың ұлына қатты бауыр басуы болып табылады, ол шамадан тыс қамқорлықта көрінеді.
Түйін сөздер: отбасы, ана-бала қатынастары, бауырмалдық, тәуелділік, қамқорлық