ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫНЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІҢ БҰЗЫЛУ МЕХАНИЗМІ
Аңдатпа
Бұл мақалада зияты зақымдалған балалардың сөздік қорының белсенділігінің бұзулу механизмдері қарастырылған. Қазіргі уақытта біздің қоғамда зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің зақымдалуы өзекті мәселе болып отыр. Сөйлеу адам өмірінде ең маңызды орынды алады. Баланың сөйлеу қабілетінің бұзылуы басқа проблемалардың тереңдеуіне әкеледі. Мысалы, ойлау қабілетінің бұзылуына, мінез-құлқы мен қоғамға бейімделуіне теріс әсер етеді.
Сөйлеу тілін дамыту-зияты зақымдалған балалармен логопедиялық жұмыстың маңызды міндеттерінің бірі . Ақпараттың едәуір бөлігі вербалды әдістермен беріледі. Адамның өмірдегі және қоғамдағы жетістігі оның сөйлеу қабілетіне байланысты. Бірақ сөйлеу тілінің толық қалыптасқандығын сөздік қорындағы сөздерді белсенді қолданғанда ғана айта аламыз. Сөйлеу балаға қарым-қатынас жасауға, өз пікірін айтуға, өзін-өзі бағалауын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар басқа танымдық процестердің дамуына ықпал етеді.