Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Есту қабілеті зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушыларды математика сабағын оқытуда дидактикалық ойындардың тиімділігі

Жарияланған June 2022

132

72

КазНПУ имени Абая
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Жаннат Сардарова

Педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ  Ұлттық педагогикалық университеті, педагогика және психология институтының «Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімі доценті                                  

Аңдатпа

Ұсынылған мақаланың өзектілігі математиканы оқытуда дидактикалық ойындарды қолдану есту қабілеті зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу іс-әрекетін күшейтудің маңызды құралы болып табылуымен сипатталады. Ойындардың  оқушыны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құралы ретінде тиімділігі күнделікті практикада дәлелденіп, кеңінен қолданыс табуда. Сол себепті де күні бүгінге дейін практик-мұғалімдер оларды оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістерін іздестіруде. Есту қабілеті нашар оқушыларды оқыту процесінде дидактикалық ойындар математиканы оқытуда пайдалану танымал және заманауи әдістерінің бірі болып табылады. Авторлар зерттеу мәселесін жан-жақты кеңінен қарастырған. Зерттеу қорытындыларына сүйене отырып,  дидактикалық ойын технологияларын қолдану есту қабілеті зақымдалған оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығын арттырады және оқушылардың білім алудағы өзіндік жұмысының үлесін дамытады деген қорытынды жасалды. Сонымен қатар есту қабілеті нашар оқушыларды оқыту мәселесі бойынша арнайы әдебиеттерге талдау  жасалынған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Орынбек, А., Сардарова, Ж. і Жанғозиева, М. 2022. Есту қабілеті зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушыларды математика сабағын оқытуда дидактикалық ойындардың тиімділігі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 70, 1 (Чер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7847.03 .