Бұл ғылыми мақалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылысын жан-жақты терең тексеру жүргізу жағдайлары қарастырылған. Тіл компоненттерінің бұзылысын жүйелі анықтауға бағытталған тексеруді ұйымдастырудың кейбір әдістері қамтылған. Тіл бұзылыстарын анықтау неғұрлым ерте жастан жүзеге асырылатын болса, соған сәйкес түзету жұмыстарын ерте жүргізу тиімді болмақ.
Балалардың сөйлеу тілін дұрыс тексеру мен түзету шараларының негізгі әдістерін таңдауды іске асыру әр логопедтің кәсіби шеберлігіне байланысты. Сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды анықтауда қалыпты баланың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін салыстыра талдау үшін,негізгі заңдылықтары мен нақты мысалдары берілген. Түзету жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда заманауи әдістерді қолданудың артықшылығы айтылған.