Аталған мақалада қазіргі заман педагогтарының іс-әрекетіне психологиялық талдау жүргізілді. Мақалада педагог қызметінің мотивациялық құрамдас бөлігі және педагог қызметінің эмоционалдық құрамы егжей-тегжейлі қарастырылды. Педагог қызметінің әлеуметтік, эмоциялық және мотивациялық құрамдас бөліктерінің сипаттамасы психологиялық тұрғыда талданды. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық қызметті жүзеге асырудың негізгі ерекшеліктері мен психологиялық құрылымдары көрсетілген. «Эмоционалдық қажу» синдромының мазмұны мен мән-мағынасы теориялық тұрғыда талданған. Педагогтарда «эмоциялық қажу» синдромының пайда болуы мен дамуына әсер ететін факторлар көрсетілген. Кәсіби жану синдромы жас педагогтарда байқалуда, мұны бастауыш мұғалімдердің педагогикалық қызметке психологиялық дайындығының жеткіліксіздігі проблемасымен байланыстыруға болады. Жас мұғалімдер арасында эмоционалды қажудың өте жоғары көрсеткіші тұрақты және кең талқыланатын жағдай болып табылады. Авторлар тарапынан аталған мәселе аясында психологтардың, педагогтардың, әлеуметтанушылардың және т.б. ғалымдардың ғылыми теориялық тұжырымдамалары мен көзқарастары талданған.
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Жарияланған May 2021
76
119
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
педагог, педагогикалық іс-әрекет, педагог қызметі, эмоционалдық қажу, кәсіби жану, жас мұғалімдер.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.К. Сатова , Г.А. Момбиева , Г.И. Казахбаева , А.О. Дуйсенбаева 2021. ҚАЗІРГІ ЗАМАН ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 62, 1 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7847.41.