Бұл мақалада ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті ортада оқытудағы медициналық модельден әлеуметтік білім беру моделіне көшуде жалпы білім беру мектептеріндегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің негізгі аспектілерін анықтап, олардың қызмет көрсету тиімділігін арттыру үшін негізгі шарттар ұсынылған. Ол үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кабинеттерінде жұмыс жасайтын мамандардан сауалнама алынды, сұрақтар жалпы сұрақтардан басталып, нормативті-құқықтық блок, практикалық блок бойынша сұрақтар мен оқу жоспарлары мен оқу материалдарын анықтау блогіне біртіндеп көшіп отырды. Ол бойынша психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кабинеттерінің қызмет көрсету тиімділігін арттыру үшін келесі шарттар анықталды: инклюзивті ортада оқу-тәрбиелеу процесінің адаптивті моделін қалыптастыру керектігі, ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыларға ерекше жағдайдың жасалуы; ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушының потенциалын жүзеге асыруда құрдастарының қолдауы; инклюзивті білім беру жүйесін ұйымдастырушылық бағытта көптеген мәселелер заңнамалық тұрғыдан нақтылануы керек. Инклюзивті ортада адаптивті модельді қалыптастыру және оларға ерекше жағдай жасау бала потенциалын толық жүзеге асырып, өз потенциалы мен мүмкіндігіне орай білім алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар олар қоғамның белсенді мүшесі болуы үшін құрбы-құрдастарының көмектесуі, оларды қабылдауы гуманды қоғамның қалыптасуына әсер етеді. Бұл жолда көптеген жұмыстар атқарылып, инклюзивті білім беру жүйесінде ұйымдастырушылық бағытта көптеген мәселелер заңнамалық тұрғыдан нақтылану қажеттігіне басты назар аударылған.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКЕМЕЛЕРДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ КАБИНЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНЕ САЙ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ШАРТТАРЫ
Жарияланған June 2022
146
116
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шотыбаева, Л. і Абаева, Ғ. 2022. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКЕМЕЛЕРДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ КАБИНЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНЕ САЙ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 70, 1 (Чер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7847.19 .