Мақалада бастауыш сыныпта сөз таптарын жеке тұлғаға бағдарлап оқытудың психологиялық негіздері қарастырылған. Өз зерттеуімізде мектепте белгілі бір пәнді оқытудың тиімді әдістемесін жасау үшін оқушылардың физиологиялық және психологиялық қабылдау ерекшеліктерін, олардың психикасының даму заңдылықтарын ескере отырып жүргізілетіні пайымдалған. Мақала барысында cөз таптарын жеке тұлғаға бағдарлап оқытуда ой үдерісінің анализ, синтез компоненттерімен бірге ойлаудың салыстыру, абстракция, нақтылау операцияларына баса назар аудару маңыздылығы, ойлау жүйесі арқылы заттың барлық элементтері біріктіріліп көрсетілетіндігі алға тартылады. Осыған орай мақалада көрнекті психолог ғалымдардың ұстанған ұстанымдарына, бала дамуындағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттеу мәселесіне арналған еңбектерге көптеп сипаттама берілген.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА СӨЗ ТАПТАРЫН ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒДАРЛАП ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жарияланған May 2021
90
69
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
психология, жеке тұлға, тұлғаға бағдарлап оқыту, сөз таптары, таным үдерісі, рефлексия, оқу үдерісі, ойлау операциялары.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Уайсова Г.И. , Умирбекова А.Н 2021. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА СӨЗ ТАПТАРЫН ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒДАРЛАП ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 62, 1 (Трав 2021).