Бұл мақалада жас психологтардың кәсіби қызметіне бейімделу мәселесі ашылады. Психолог-түлектер кәсіби кәсіби қызметпен танысу процесінде көптеген проблемаларға тап болады: әлеуметтену, жас ерекшеліктері және денсаулық жағдайы. Барлық осы факторлар жеке психиканың бейімделу қабілеттерінде көрінеді және теріс бейімделудің пайда болуына әкелуі мүмкін. Өз жұмысына қанағаттану деңгейі кәсіби сәйкестілік пен бейімделудің маңызды бөлігі болып табылады. Зерттеу барысында 30 психолог-түлектердің жұмысына қанағаттану деңгейі анықталды. Түлектердің 63,3%өзінің кәсіби қызметіне ішінара немесе толық қанағаттанбайды.
Түйінді сөздер:бейімделу, жас психолог, мамандық, жас психологиясы