Аңдатпа
Бұл мақалада түрлі жас категорияларындағы педагогтердің еңбек өтіліне байланысты эмоционалды жану көріністерін зерттеу мәліметтері ұсынылды. Эмоционалды жану - бұл тұрақты стресс аясында дамитын және жұмыс істейтін адамның эмоционалды, жеке және энергетикалық ресурстарының сарқылуына әкелетін синдром. «Адам және адам» категориясындағы мамандықтар бұл синдромға шалдығу қаупі жоғары болатынын көптеген зерттеулер арқылы анықталды.
Аталған синдром нәтижелері-эмоционалдық негізде пайда болған өзгерістер, тұлғаның жүйкелік бұзылыстары,психосоматикалық бұзылыстар тұлға денсаулығы үшін қауіпті. , Сондықтан оның дамуы мен алдын-алу шараларын білу өте маңызды. Сәйкесінше бұл мәселеге жауапкершілік және рационалды жолмен қарау міндеті туындап отыр.