Эмоционалды интеллект танымдық және эмоционалды қабілеттердің байланыс нүктесін қалыптастырады, ол тұрақтылық, мотивация, эмпатия, ойлау, стрессті басқару, қарым-қатынас қабілеттіне, сонымен қатар көптеген әлеуметтік жағдайлар мен қақтығыстарда оқу және бағдарлау қабілеттерге ықпал етеді. Эмоционалды интеллект әр адамға толыққанды және бақытты өмірді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өте маңызды құрылым.
Мақалада қалыптастырушы эксперимент негізінде эмпирикалық зерттеу барысында эмоционалды интеллект мәселесі және оның дамуы қарастырылады. Зерттеу болжамы арнайы әзірленген бағдарлама негізінде әлеуметтік-психологиялық тренинг түрінде мақсатты оқу әсері кезінде эмоционалды интеллектті дамыту мүмкіндігі туралы болжам болды. Зерттеу таңдамасын педагогтардың тобы құрды -33 адам. Д.В. Люсиннің әдістемесін қолдана отырып, 2 өлшеу жүргізілді – тренингтік оқыту басталар алдында және тренингтен кейін. Зерттеу нәтижелері эмоционалды интеллекттің жалпы деңгейі бойынша, сондай-ақ эмоционалды интеллект шкаласы бойынша екінші өлшемде педагогтар тобында мәнді айырмашылықтарды көрсетті. Алынған нәтижелер эмоционалдық интеллект бойынша білім беру бағдарламаларын және жеке және кәсіби өсу топтарына арналған бағдарламаларды әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.