Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ АРТ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР

Жарияланған May 2021

71

212

Аңдатпа

Бұл мақалада деструктивті мінез-құлықты балаларды зерттеген шетелдік, ресейлік, отандық ғалымдардың еңбектеріне талқылай отырып, деструктивті мінез-құлықты балалардың ерекшеліктеріне сипаттама берілген. Деструктивті жүріс-тұрыс адамның өзіне, сонымен қатар сыртқы ортаның материалды және материалды емес объектілеріне бағытталған көптеген іс-әрекеттерден көрінеді. Мұндай мінез-құлық кезінде нысанаға импульсивті, кенеттен әсер етуден көрінуі мүмкін. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде жасөспірімдік шақ адам өміріндегі біршама өзгерістер кезеңі деп сипатталады. Осы шақта тұлғаның дамуына құрдастарымен және үлкендермен қарым-қатынасы әсер етеді. Деструктивті жүріс-тұрыстың себебі ең бірінші оқушының нейропсихикалық дамуындағы қиындықтар, эмоционалды аумақтың бұзылуы, психопатиялық бұзылыстар деп түсіндіріледі. Оқушылардың деструктивті мінез-құлқына құрдастарының әсері, сонымен қатар оның психологиялық профилактикасы, жиі кездесетін дұрыс емес іс-әрекеттерге антиәлеуметтік-криминалды жүріс-тұрысты, өзін-өзі жарақаттау, тамақтанудың бұзылуын және психоактивті заттарды қолдануды жатқызамыз.

pdf