Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық денсаулығы және даму мәселесі қазіргі замандағы психологтардың назарын аударып отырғаны белгілі, себебі пандемия жағдайы және онымен байланысты әлеуметтік өзара әрекеттесудің мүмкіндіктерінің шектелуі мектепке дейінгі жастағы көпшілік балалардың дамуының әлеуметтік жағдайын біршама өзгертті. Сонымен қатар, дамудың әлеуметтік жағдайы баланың психикасын дамытудың негізгі факторы, соның ішінде, баланың психомоторлы және танымдық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып табылатыны белгілі.
Мақалада балалардың қабілеттерін зерттеудің және диагностикалаудың жалпы тұғырлары мен принциптері қарастырылған, мектепке дейінгі жастағы балалармен диагностикалау жұмысын жүргізудің өзгешелігі көрсетілген, сонымен бірге, мектепке дейінгі жастағы балалардың психомоторлы және танымдық қабілеттерін эксперименттіңк зерттеудің нәтижелері ұсынылған.
Зерттеу барысында психологиялық әдістемелер кешенін тәжірибеге ендіру жүзеге асырылған, оларды авторлар негіздемелік тұрғыда ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың құралдары ретінде қолдануды ұсынады.