Aңдaтпa
Мақалада психологиялық тренинг әдісі арқылы студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігін дамыту мүмкіндігі қарастырылады. Тренинг-бұл әртүрлі психологиялық айнымалыларға әсер етудің көпфункциялы әдісі. Өзіндік тиімділік ұғымы интегративті жеке сипаттама ретінде қарастырылады, ол көптеген көріністерге ие, оның ішінде өз күшіне сену, өзінің тиімділігіне сенімділік, өткен тәжірибені өзгерту мүмкіндігі, туындаған қиындықтарды жеңе білу. Оқу үрдісінде студенттердің өзіндік тиімділігін дамытудың қажеттілігі айқындалады. Бұл болашақта тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жүзеге асырудың маңызды шарты болады. Бұл тұрғыда ең перспективалы болып мақсаттар құруға, оларға қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды түсінуге және жаңартуға мүмкіндік беретін трениг әдісі табылады. Сонымен қатар тұлғалық өзіндік тиімділікті дамыту үшін арнайы ұйымдастырылған психологиялық жұмыстың қажеттілігі негізделеді. ЖОО студенттерінің өзіндік тиімділігін дамыту үшін "Өзіндік тиімділік тұлғаның сәттілік факторы ретінде" тренинг бағдарламасы құрастырылады және оны практик психологтардың қолдануына ұсыныс жасалынады.