Бұл мақалада зияты зақымдалған балалардың агрессивті мінез-құлық ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ, мақалада агрессивтілік - адамның басқа адамдарға қатысты мінез-құлқы, ол оларға жағымсыз әсер, зиян келтіруге ұмтылысымен ерекшеленіп сипатталады. Агрессия: сыртқы ынталандырумен белсендірілетін қажеттіліктерге; танымдық және эмоциялық үдерістерге; өзекті әлеуметтік жағдайларға жатады.
Зияты зақымдалған балалардың агрессивті мінез-құлық ерекшеліктерінің мәселесі бойынша шетелдік және отандық авторлардың еңбектері талданады. Агрессивтілік табиғатын, агрессияның негізгі түсініктері мен көріністерін түсіндіретін негізгі теориялар ашылады.