Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Болашақ педагог-психологты жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықты алдын-алу бойынша жұмысқа даярлау

Жарияланған December 2021

132

149

МКТУ имени Х.А.Ясауи
Аңдатпа

Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатындағы мектеп оқушыларымен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру үшін болашақ мамандарды даярлау процесінде кешенді, жүйелі және тұтас тәсілді қолдануды талап ететіні анық.

Мәселенің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы авторға оны психологиялық-педагогикалық бағыттағы болашақ мамандарды даярлау аспектісінде зерттеуге, олардың мәселені шешуге дайындығын жетілдіру жолдарын модельдеуге мүмкіндік берді. Авторлардың пікірінше, болашақ педагог-психологтарды оқушының суицидалды мінез-құлқының алдын-алу және түзету жұмыстарына дайындау жүйесінде психологиялық профайлинг пен метапрограмманың мазмұны, сондай-ақ жасөспірім оқушыларымен алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру контекстіндегі практикалық құралдар маңызды рөл атқаруы керек.

Авторлардың бұрын жүргізілген зерттеулер барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдарға сүйене отырып "Психологиялық денсаулықтың сақтау және суицидті алдын-алу" атты элективті курс бағдарламасын ұсынады, сонымен бірге пәннің мақсаты мен міндеттерін, курстың модульдері мен тақырыптарының мазмұнын, курс  барысында қолданылатын формалар мен әдістерін сипаттайды. Ұсынылған элективті курстың тиімділігі алдын-алу және түзету жұмыстары процесінде жүзеге асырылатын өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын психологиялық-педагогикалық әсерлердің кезеңдік жүйесін енгізумен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен жасалған тұжырымдар болашақ педагог-психологтарды даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру жүйесінде пайдалануға ұсынылады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Торыбаева, Ж. 2021. Болашақ педагог-психологты жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықты алдын-алу бойынша жұмысқа даярлау. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 68, 3 (Груд 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7847.22.