Қазіргі қоғамда ажырасулар санының артуына, кеш үйлену, жастар мен ересектердің некеден бас тартуына байланысты, үйленген және тұрмысқа шықпаған адамдардың психологиялық денсаулығын зерттеу мәселесі өзекті болып отыр.
Психологиядағы «психологиялық денсаулық» ұғымы жаңа емес, дегенмен қазақстандық ғалымдар арасында аз зерттелген тақырып. Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты - «психологиялық денсаулық» ұғымының мәнін, оның құрамдас бөліктерін зерттеу.
Біздің теориялық талдауымыз «психологиялық денсаулық» ұғымын, құрылымы мен компоненттерін әртүрлі авторлардың көзқарасы бойынша қарастыруға және бұл құбылысты адам өміріне қажетті тұлғаның әл-ауқаты ретінде анықтауға мүмкіндік берді.
Мақалада жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін субъективті игілік ретінде психологиялық денсаулыққа байланысты түсініктеме берілген; психологиялық сау адамның моделі сипатталған (өзін, өзгелерді түсінуге, әрекетке қабілетті және т.б.).
Талдау нәтижелері психологиялық денсаулық ұғымының ғылыми тұжырымдамасын толықтырады, адамның әл-ауқаты бойынша жұмыс жасаудың негізін құрайды.