Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа енуі, нарықтық қатынастардың дамуы еліміздің барлық саласында өзгерістердің орын алуына ықпал етуі қарастырылған. Іс-әрекеттердің жаңа салалары пайда болып, жаңа жағдайда тиімді жұмыс жасауға қабілетті білім менеджерлерін сапалы дайындау қажеттілігі туындауда.
Қазіргі таңда еліміздегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі тұлғалық-бағдарлық оқыту, білім берудің гуманизациялануы болып отыр. Білім берудің негізгі құндылығы шығармашылық деңгейін жүзеге асыруға қабілетті, өзін дамытуға және өз бетінше білім алуға бағытталған тұлға капиталы екендігі анық. Ал, осы орта деңгейді басқарып, шешім қабылдау мен қорытынды шығару жауапкершілігі, жаңа міндеттерді шешу күрделілігі білім менеджерлеріне жүктеледі. Білім менеджерлері кәсіби басқарушылық-педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық тұрғыда жүзеге асыра алатын ұйымдастырушы ретінде ерекше дайындықты талап ететін мамандық.
Мақалада білім менеджерлерін сапалы даярлаудың шетелдік тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасалып, атақты менеджмент мектептері туралы мәлімет берілген. Еліміздегі білім менеджерлерін сапалы дайындаудың алғышарты, қазіргі жай-күйі мен одан ары жақсартудың жолдары, жобалары, негігі бағыттары ұсынылған.
БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖЕРЛЕРІН ДАЯРЛАУ САПАСЫ
Жарияланған June 2020
91
58
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жубаназарова Н. С. 1, Мадалиева З.Б.1, Умирзакова Г. К.1, Баймолдина Л.О.1, . 2020. БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖЕРЛЕРІН ДАЯРЛАУ САПАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 63, 2 (Чер 2020), 108–114. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7847.16.