Мақалада заманауи қоғамның жаһандануы мен қарқынды даму жағдайында өскелең ұрпақтың оның ішінде жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың мазмұны қарастырылған. Қазіргі таңда жас ұрпақтың девиантты мінез-құлқы әлеуметтік нормаларды бұзу және әлеуметтік ауытқы ретінде түсінілетін жаппай сипатқа ие болды. Авторлар аталған мәселе аясында шетелдік және отандық психологтардың теориялық тұжырымдамаларын, ғылыми көзқарастары мен ой-пікірлерін егжей-тегжейлі талдап, мән-мағынасын ашып көрсетті. Заманауи қоғамдағы кәмелетке толмағандардың девиантты және делинквентті мінез-құлқының психологиялық мәселелері талданған. Мақалада жасөспірімдердің тұлғалық жеке қасиеттерінің динамикасы мен жыныстық-жастық ерекшеліктерінің мазмұны ашылған. Заманауи қоғамдағы кәмелетке толмағандардың девиантты және делинквентті мінез-құлқының психологиялық мәселелері талданған. Сонымен қатар, заманауи қоғамда девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасы, қазіргі заманауи жасөспірімнің жеке басының өзіндік сана-сезімінің ерекшеліктері сипатталған.
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
девиантты мінез-құлық, заманауи қоғам, жасөспірімдер, қиын балалар, кәмелетке толмағандар, өскелең ұрпақ.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сахиева Ф.А., Исатаева Б.Б., Момбиева Г.А. 2021. ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 62, 1 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7847.18.