Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Пенитенциарлық мекемелердегі сотталғандардың радикалдануын алдын алудағы рефлексиялық тәжірибелер

Жарияланған September 2026

0

0

Q University
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Нұрлан Нагманов

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанты, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада радикалистік көзқарастардағы адамдармен жұмыс жасау барысында рефлексияның рөлі деструктивтік бағыт-бағдарды алдын алу және түзетудің негізгі психологиялық механизмдерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – өзіндік болашақты жүзеге асыру, өткен тәжірибені қайта бағалау және қоғамда сәтті әлеуметтенуге көмектесетін қазіргі мінез-құлық формаларын қайта қарастыру үрдісінде рефлексиялық тәжірибелердің маңыздылығын анықтау.

Бұл ғылыми мақалада рефлексиялық әс-әректтің мақсаты, құрылымы, бүгінгі психологиядағы рефлексияның басты модельдері, тұжырымдамалары сипаттала отырып, жеке және топтық психологиялық жұмыста пенитенциярлық мекемедегу қамаудағыларға қолданылатын құралдары, нақтырақ айтсақ техникалар, әдістер мен тәсілдер берілген.

Сотталғандарға хат жазу әдісін жүргізу технологиясы және психолог түрмедегі сотталғандармен осы әдістің қолданылу жолдарының нұсқалары баяндалған.

Рефлексиялық қабілеттерді дамытудың негізі ойлауды ынталандыратынын, тұлғаның жеке сенімдері мен жасаған әрекеттеріне саналы тұрғыда көзқарасты қалыптастыруға әсерін тигізетінін, сондай-ақ адамның конструктивтік өзгерістерге дайындығын арттырып, бұл ақырында психологиялық жағдайды жақсарту, өмір сүру сапасын дамытуға үлесін қосатынын зерттеудің нәтижелелрінен көруге болады.  Пенитенциарлық мекемелердегі зерттеу нәтижелері радикалданудың алдын алу және психологиялық сүйемелдеу бойынша кешенді бағдарламаларға рефлексиялық тәжірибелерді енгізудің тиімділігін растайды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Komekbayeva, L. і Nagmanov, N. 2026. Пенитенциарлық мекемелердегі сотталғандардың радикалдануын алдын алудағы рефлексиялық тәжірибелер. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 396–406. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.032.