Бұл мақала білім беру ортасындағы студенттердің субъективті әл-ауқатын зерттеуге арналған Student Subjective Wellbeing Questionnaire (SSWQ) әдістемесінің, Т.Л. Renshaw және әріптестері әзірлеген қазақ тіліндегі нұсқасын аудару, мәдени және тілдік бейімдеу, сондай-ақ оның психометриялық қасиеттерін тексеруге арналған. Зерттеуге Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алатын 16–25 жас аралығындағы 807 студент қатысты. Зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жергілікті этика комитетінің мақұлдауымен жүргізілді. Зерттеуге қатысу ерікті түрде жүзеге асырылды және барлық қатысушылардың анонимділігі қамтамасыз етілді. Зерттеудің негізгі мақсаты сауалнаманың қазақ тіліндегі нұсқасын аудару, мәдени және тілдік бейімдеу, сондай-ақ оның факторлық құрылымын, сенімділігі мен конструктылық валидтілігін бағалау болды. Деректерді статистикалық өңдеу Jamovi бағдарламасының көмегімен жүргізілді. Зерттеу барысында Кронбахтың α және Макдональдтың ω сенімділік коэффициенттері есептелді, эксплораторлық және конфирматорлық факторлық талдаулар орындалды, екінші деңгейлі иерархиялық модель тексерілді, сондай-ақ конвергенттік және дискриминанттық валидтілік бағаланды. Алынған нәтижелер субшкалалардың жоғары ішкі бірізділігін, сауалнаманың түпнұсқасындағы төрт факторлы құрылымның сақталғанын, студенттердің субъективті әл-ауқатының интегралды көрсеткішін қолдану мүмкіндігін және конструктылық валидтіліктің жоғары деңгейін растады. Сауалнаманың қазақ тіліндегі нұсқасы жоғары психометриялық қасиеттерге ие және ғылыми зерттеулерде, студенттерді психологиялық сүйемелдеу үдерісінде, сондай-ақ олардың психологиялық әл-ауқатын сақтау мен нығайтуға бағытталған бағдарламалардың тиімділігін бағалауда қолдануға жарамды.
Student Subjective Wellbeing Questionnaire сауалнамасының қазақ тіліндегі нұсқасының факторлық құрылымы мен психометриялық қасиеттерін студенттер популяциясында бағалау
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
студенттердің субъективті әл-ауқаты
студенттердің субъективті әл-ауқатын бағалау сауалнамасы
психометриялық бейімдеу
факторлық талдау
сенімділік
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Азизова, А., Баймолдина , Л. і Лашкова, Е. 2026. Student Subjective Wellbeing Questionnaire сауалнамасының қазақ тіліндегі нұсқасының факторлық құрылымы мен психометриялық қасиеттерін студенттер популяциясында бағалау. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 21–36. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.002.

