Мектеп жасына дейінгі кезеңде табиғатқа эмоционалдық жауап беру, жанашырлық таныту және қамқорлық әрекеттерін орындау экологиялық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын маңызды көріністердің бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби тәжірибесі мен бақылаулары негізінде балалардағы экологиялық эмпатияның негізгі психологиялық және мінез-құлықтық көріністерін сипаттау. Негізгі зерттеу сұрағы: Педагогтердің кәсіби тәжірибесі мен бақылаулары негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық эмпатиясы қандай психологиялық және мінез-құлықтық белгілер арқылы көрінеді? Зерттеу сапалық сипаттамалық дизайн негізінде жүргізілді. Алматы қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істейтін 28 педагог-тәрбиешінің жартылай құрымдалған сұхбат жауаптары талданды. Деректер MaxQDA бағдарламасында контенттік және тақырыптық талдау арқылы кодталып, негізгі категориялар мен тақырыптар бойынша өңделді. Талдау нәтижесінде тәжірибеге негізделген педагогикалық процесте экологиялық эмпатияның: ішкі эмоционалдық-сезімдік, практикалық-мінез-құлықтық және құндылықтық-моральдық көріністері анықталды. Бұл зерттеу нәтижелері педагогтердің кәсіби бақылауларында балалардағы экологиялық эмпатия - табиғатқа жанашырлық, жауапкершілік, қорғау және күтім жасау қарым-қатынасы арқылы білдіретінін көрсетті.
A МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭМПАТИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мектеп жасына дейінгі балалар
экологиялық эмпатия
экологиялық мінез-құлық
тақырыптық талдау
MaxQDA
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жакупова, А., Орынгалиева , Ш. , Конысбаева , А. і Юсупова , И. 2026. A МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭМПАТИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 116–127. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.009.

