Қазіргі таңда инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық қолдау көрсету мәселесі өзекті болып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты – жалпы білім беретін мектепте мұндай балаларға көрсетілетін психологиялық қолдаудың ерекшеліктерін анықтау және оның балалардың психологиялық жағдайына әсерін талдау. Зерттеу барысында аралас әдіс (сапалық және сандық) қолданылды: ата-аналар мен мұғалімдерге сауалнама жүргізіліп, сұхбаттар алынды. Алынған деректер сипаттамалық статистика және тақырыптық талдау әдістері арқылы өңделді. Нәтижелер ерекше білім беруді қажет ететін балалардың эмоционалдық тұрақтылығының төмендеуін, өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіз қалыптасуын және әлеуметтік бейімделудің салыстырмалы түрде жоғары деңгейін көрсетті. Сонымен қатар, психологиялық қолдаудың жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауы балалардың психологиялық дамуына кері әсер етуі мүмкін екені анықталды. Зерттеу қорытындысы бойынша, тиімді психологиялық қолдау көрсету үшін мектеп, ата-ана және мамандар арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту қажет.
Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық қолдау көрсету ерекшеліктері
Жарияланған June 2026
21
12
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
инклюзивті білім беру
ерекше білім беруді қажет ететін балалар
психологиялық қолдау
эмоционалдық даму
әлеуметтік бейімделу
өзін-өзі бағалау
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Аширбекова, Т., Мамадалиев , С., Эшаханова, Ю. і Қалдыгөзова, С. 2026. Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық қолдау көрсету ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 402–410. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.033.

