Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Психологиялық қауіпсіздік және эмпатия: «Зар заман» поэзиясын оқытуда ЖИ – медиациясының рөлі

Жарияланған September 2026

0

0

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Жанат Аметхан

Аметхан Ж. – хат-хабар авторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторанты, Алматы қ., Қазақстан. E-mail: jianati_888@mail.ru

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Малика Усенова

Усенова Малика Эрмухамматовна

PhD, аға оқытушы, Психология кафедрасы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы

е-mail:

ibragimova1110@mail.ru

Аңдатпа

Зерттеу «Зар заман» поэзиясын оқыту үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) медиациясының оқушылардың психологиялық қауіпсіздігіне, эмпатиялық қатынасына және тарихи-көркем мәтінді түсінуіне ықпалын зерделеуге бағытталған. Зерттеудің теориялық негізін эмпатияның көпкомпонентті моделі, психологиялық қауіпсіздік, өзіндік тиімділік және әлеуметтік-мәдени даму тұжырымдамалары құрады. Зерттеуге Алматы қаласындағы екі мектептің 8-сыныбында оқитын 60 оқушы қатысты. Квазиэксперименттік дизайн негізінде қатысушылар бақылау (n=30) және эксперименттік (n=30) топтарға бөлінді. Төрт аптаға созылған эксперимент барысында бақылау тобы «Зар заман» шығармаларын дәстүрлі форматта меңгерсе, эксперименттік топта дәстүрлі оқытуға қосымша генеративті ЖИ-мен жеке диалог және мәдени-тарихи контекстке бағдарланған промпт-инжиниринг қолданылды. Психологиялық өзгерістерді бағалау үшін М.Дэвистің тұлғааралық реактивтілік индексінің (IRI) бейімделген нұсқасындағы «Перспектива-ны қабылдау» және «Фантазиялық сәйкестендіру» субшкалалары, ЖИ-мен жұмыстағы тыныш-сыздану шкаласы, сондай-ақ жартылай құрылымдалған сұхбаттар пайдаланылды. Нәтижелер эксперименттік топта перспективаны қабылдау көрсеткішінің 23%-ға, фантазиялық сәйкестен-дірудің 21%-ға жоғарылағанын көрсетті; бақылау тобында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 6% және 5% болды. Эксперименттік топта ЖИ-мен жұмыстағы тынышсыздану деңгейі 42%-ға төмендеді. Мәтінді талдаудың рубрикалық бағалауында эксперименттік топта 21%, бақылау тобында 6% өсім байқалды. Сапалық талдау оқушылардың ЖИ-мен диалог барысында өз пікірлері мен эмоциялық реакцияларын еркінірек білдіру, тарихи субъектінің перспективасын қабылдау және мәтін мазмұнын жеке тәжірибесімен байланыстыру тенденцияларын анықтады. Алынған нәтижелер ЖИ-медиациясының бағалануға байланысты алаңдаушылықты төменде-тетін қосымша рефлексиялық кеңістік қалыптастыру және тарихи-көркем мәтінмен эмпатиялық өзара әрекеттесуді қолдау әлеуетін көрсетеді. Сонымен қатар іріктеменің шектеулі көлемі мен қолданылған психодиагностикалық құралдардың ерекшеліктеріне байланысты анықталған байланыстарды себеп-салдарлық тұрғыдан түсіндіру сақтықты талап етеді және кеңірек іріктемеде қосымша тексерілуі қажет.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Аметхан, Ж. і Усенова , М. 2026. Психологиялық қауіпсіздік және эмпатия: «Зар заман» поэзиясын оқытуда ЖИ – медиациясының рөлі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 157–169. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.012.