Бұл мақалада мотивациялық және психоэмоционалды тепе-теңдікті дамытудың психокоррекциялық тренинг бағдарламасының тиімділігі мен нәтижелігі туралы дәлелдемелер келтірілген. Негізгі көрсеткіштер әлеуметтік-психологиялық бейімделуді күшейту параметрлері және жетістікке деген ынтаны арттыру көрсеткіштері бойынша алынды. Тренингтік бағдарлама жұмысына ЖОО студенттері қатысты. Пайдаланылған тренинг бағдарламасын тексеру мынадай психодиагностикалық зерттеу әдістерінің көмегімен жүргізілді: "Big Five" тесті, А. Мехрабиан жетістіктерді ынталандыру сауалнамасы, Р. Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделуді диагностикалау әдісі, А. Лазуркиннің тұлғаның өзiн-өзi жетілдіру диагностикалық сауалнамасы. Біз ұсынған университеттің студенттеріндегі мотивациялық және психоэмоционалды тепе-теңдікті дамытудың психокоррекциялық тренинг бағдарламасын іске асыру – әлеуметтік-психологиялық бейімділікті дамытуға, өзiн-өзi жетілдірудің жеке ресурстарын кеңейтуге және жетістікке ынталандыру деңгейін арттыруға ықпал етті.
ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланған July 2021
235
146
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тапалова, О. 2021. ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 67, 2 (Лип 2021), 7–13. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-7847.01.