Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ КҮЙІН ЖАҚСАРТУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланған September 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Аңдатпа

Бұл мақалада босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдердің психикалық жағдайын жақсартуда психологиялық қолдаудың маңызы теориялық және эмпирикалық тұрғыда қарастырылады. Мақалада босанғаннан кейінгі депрессия, мазасыздық, эмоционалды қажу ұғымдарына қатысты отандық және шетелдік психологиялық зерттеулерге теориялық шолу жасалып, олардың ананың психикалық әл-ауқатына әсер ету ерекшеліктері талданады. Зерттеу аясында босанғаннан кейінгі әйелдердің психикалық жағдайына әсер ететін негізгі әлеуметтік-психологиялық факторлар, атап айтқанда, эмоционалды және әлеуметтік қолдау деңгейі, отбасылық қарым-қатынастардың сапасы, ана рөліне психологиялық бейімделу үдерістері жан-жақты сипатталады. Психологиялық қолдаудың когнитивті, эмоциялық және мінез-құлықтық деңгейлердегі көріністері айқындалып, оның аналардың ішкі ресурстарын қалпына келтірудегі рөлі негізделеді. Зерттеу нәтижелері босанғаннан кейінгі әйелдердің басым бөлігінде мазасыздық, көңіл-күйдің төмендеуі, эмоционалды және физикалық шаршау белгілерінің жиі кездесетінін көрсетеді. Сонымен қатар, аналардың көпшілігінің кәсіби психологиялық көмекке жүгінбейтіні, ал эмоционалды қолдаудың жеткіліксіздігі босанғаннан кейінгі депрессияның даму қаупін арттыратыны анықталды. Зерттеу қорытындылары негізінде босанғаннан кейінгі әйелдерге арналған психологиялық қолдау жүйесін дамыту, психологиялық мәдениетті арттыру және перинаталдық кезеңде профилактикалық психологиялық көмек көрсету қажеттілігі дәлелденеді.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сисенбай, И. і Акажанова, А. 2026. БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ КҮЙІН ЖАҚСАРТУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 326–334. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.025.