Бұл мақалада жүкті әйелдердің ана болу мотивациясының типтік деңгейлері, жастарына байланысты мотивациялық типтері зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – жүкті әйелдердің ана болу мотивациясының психологиялық рөлін анықтау.
Сыналушылардың ана болу мотивациясының репродуктивтік типтері: конструктивті, деструктивті, сыртқы мотивацияларының деңгейлері мен көрсеткіштері салыстырылып, статистикалық талдау жүргізілді. Зерттеу нəтижелері ана болу мотивациясының репродуктивтік типтері жүкті әйелдердің жасына айтарлықтай тəуелді емес екенін көрсетті. Статистикалық талдау үшін SPSS бағдарламасында сипаттамалық талдау, бірфакторлы дисперсиялық талдауға арналған Краскала — Уоллистің критерийі қолданылды. Зерттеу барысында жүкті әйелдердің балалы болуға шынайы ниеттерін анықтауға бағытталған И. С. Морозова, К. Н. Белога, т.б. ғалымдардың авторлығымен ұсынылған «Репродуктивті мотивтер» сауалнамасы қолданылды. Бұл нəтижелер жүкті әйелдердің балалы болуға шынайы ниеттерін, мотивациясының репродуктивтілігін тереңірек түсінуге жəне денсаулық сақтау мен психологиялық тəжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеуде ана болуды баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ғалымдардың тұжырымдарына талдаулар жасалды (Ю.И. Шмурак, Р.Д.Санжаева, О.Н. Чучалова, Г.Г. Филиппова және т.б.)

