Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЖОО-ДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КИКІЛЖІҢДЕРДІ ШЕШУДЕ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАНАМА ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Жарияланған September 2026

0

0

Тұран университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Майра Қуанәлі

психология магистрі, «Психология» мамандығының 1 курс докторанты

Тұран университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Оспан Сангилбаев

психология ғылымдарының докторы, профессор, Психология жоғары мектебі

Алматы технологиялық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гульмира Миркенова

педагогика магистрі, лектор, Мемлекеттік және шет тілдері кафедрасы

Алматы технологиялық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Жазира Әубәкір

ассистент

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Жанар Байкубесова

білім беру ғылымдарының магистрі, оқытушы, Практикалық шет тілі кафедрасы

Аңдатпа

Қазіргі уақытта студенттердің білім беру үрдісінде педагогикалық кикілжіңдерін шешуде дәстүрлі мәдениеттің тәсілдерін қолдануға сұраныстары басым. Атап айтқанда халықтың дана сөздерін, мақал-мәтелдерін, шешендік сөздерін және т.б. практикада және күнделікті өмірде қолдану педагогикалық үдерістің тиімділігін арттырады. Бұл мақала студенттер арасында педагогикалық кикілжіңді дәстүрлі мәдениет тәсілдері арқылы шешудің психологиялық ерекшеліктері мен ықпалын эмпирикалық зерттеу нәтижелерін талдауға арналған.

Мақаланың басты мақсаты — ЖОО студенттерінің педагогикалық кикілжіңдерді дәстүрлі мәдениет тәсілдері арқылы шешудің психологиялық ерекшеліктерін теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу. Зерттеуде қолданылған сауалнама нәтижелері білім беру үрдісінде дәстүрлі мәдениеттің рөлін күшейту және педагогикалық практикаға интеграциялау қажеттілігін негіздейтін болады, сонымен қатар оқытушылар мен білім алушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер жасайды.

Зерттеу барысында теориялық тұрғыдан педагогикалық кикілжің мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттер талданып, оның психологиялық ерекшеліктері  айқындалды, концептуалдық моделі құрылды. Сонымен қатар, студенттердің кикілжіңдеріне себеп болатын факторлар мен олардың түрлері анықталды. Сонымен қатар, қазақ халық мәдениетіндегі дәстүрлі «жанама» тәсілдер педагогикалық кикілжіңдерді  конструктивті шешу тәсілдері ретінде қарастырылды.

Эмпирикалық зерттеу Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогикалық және педагогикалық емес мамандықтары студенттерінің психологиялық ерекшеліктерін салыстыра талдауға арналған. И.П. Хромованың әдістеме негізіндегі авторлық бейімделген сауалнаманың бастапқы нәтижелер көрсеткендей, студенттердің 57,6%-ы оқытушылардың халық даналығы құралдарын «мүлде қолданбайтынын» немесе «сирек» қолданатынын анықтаған. Оқытушылардың көпшілігі «талапшыл стильді» (54,1%) ұстанғанымен, олар қазақ этнопсихологиясындағы «сөзбен тоқтату», «астарлап жеткізу» сияқты медиациялық дағдыларды қолданбайды. Бұл жағдай оқытушылардың этнопсихологиялық құзыреттілігінің төмендігін және дәстүрлі мәдениет тәсілдерін енгізудің қажеттілігін айқындап отыр.

Зерттеу нәтижелері студенттердің оқу үрдісіндегі педагогикалық кикілжіңдерді дәстүрлі мәдениеттің «жанама» әдістері арқылы тиімді шешу қажеттілігін, сондай-ақ тұлғааралық қатынастарды реттеу мен үйлесімді орнатудың маңыздылығын көрсетті. Осыған байланысты, университеттерде туындайтын педагогикалық кикілжіңдерді алдын-алу мақсатында «халық даналығы құралдары» (И.П. Хромова бойынша) мен «жанама» тәсілдерді пайдалану тиімді әрі пайдалы шешім болып табылады деген қорытындыға келдік.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қуанәлі, М., Сангилбаев, О., Миркенова, Г., Әубәкір, Ж. і Байкубесова, Ж. 2026. ЖОО-ДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КИКІЛЖІҢДЕРДІ ШЕШУДЕ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАНАМА ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 141–156. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.011.