Мақалада психологиялық денсаулықты сақтаудың теориялық-әдіснамалық негіздері қазіргі психологиялық ғылым контекстінде жүйелі түрде қарастырылады. Зерттеу психологиялық денсаулық ұғымының мазмұндық құрылымын, оның негізгі ғылыми бағыттарын және әртүрлі теориялық мектептердегі интерпретацияларын талдауға бағытталған. Әдебиеттерге шолу жасау барысында отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері салыстырмалы түрде қарастырылып, психологиялық денсаулықтың негізгі компоненттері мен оны сақтауға ықпал ететін факторлар (стресс, тұлғалық ресурстар, құндылықтық бағдарлар, әлеуметтік қолдау және психологиялық әл-ауқат) жүйеленді. Сонымен қатар, психологиялық денсаулықты түсіндірудегі патогенетикалық және салютогенетикалық тәсілдердің ерекшеліктері айқындалды. Теориялық талдау нәтижесінде психологиялық денсаулықты сақтау адамның бейімделу қабілеті, өзін-өзі реттеу деңгейі және тұлғалық ресурстардың белсенділігімен тығыз байланысты екені көрсетілді. Әсіресе, стресс-менеджмент, психологиялық қорғаныс механизмдері және құндылықтық бағдарлар психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі факторлар ретінде сипатталды. Мақала психологиялық денсаулықты зерттеудің заманауи ғылыми бағыттарын жүйелеуге мүмкіндік беріп, оның құрылымдық-мазмұндық моделін түсінуге теориялық негіз қалыптастырады. Алынған нәтижелер болашақ эмпирикалық зерттеулерді жоспарлауға және психологиялық денсаулықты сақтау бойынша практикалық бағдарламалар әзірлеуге негіз бола алады.
Психологиялық денсаулықты сақтаудың теориялық-әдіснамалық негіздері: әдебиеттерге шолу
Жарияланған June 2026
3
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Уакасова, М., Garber, A., Ақтымбай , А. і Кеңесбекова , І. 2026. Психологиялық денсаулықты сақтаудың теориялық-әдіснамалық негіздері: әдебиеттерге шолу. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 76–93. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.007.

