Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Психология ғылымында арт-психологиялық технологиялардың тұлғалық өсуге ықпалының теориялық және эмпирикалық зерттеліну жай-күйі.

Жарияланған June 2026

4

1

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Психолог мамандарды даярлаудың сапасы олардың тұлғалық өсу деңгейімен тікелей байланысты болғандықтан, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыру өзекті болып табылады. Дегенмен, Қазақстандық психология ғылымында арт-психологиялық технологиялардың тұлғалық өсуге ықпалын кешенді қарастыратын теориялық және эмпирикалық шолу зерттеулері жеткіліксіз. Мақаланың мақсаты – тұлғалық өсу феноменінің теориялық негіздемелерін жүйелеу, арт-психологиялық технологиялардың тұлғалық өсуге ықпалын зерттеген халықаралық және Қазақстандық эмпирикалық жұмыстарды талдау арқылы зерттеу саңылауын айқындау. PRISMA 2020 нұсқаулығы бойынша Web of Science, Scopus және RSCI деректер қорларынан 2017-2025 жылдар аралығындағы 43 зерттеу іріктелді. Нәтижесінде тұлғалық өсу теориялары гуманистік-экзистенциалдық, әлеуметтік-когнитивтік және эвдемоникалық бағыттар аясында жіктелді; арт-психологиялық технологиялардың студенттердің өзін-өзі тану, өзіндік тиімділік, эмоциялық реттеу және психологиялық әл-ауқат деңгейлерін статистикалық тұрғыдан айтарлықтай жоғарылататыны дәлелденді. Қазақстандық зерттеулер бұл бағытта алғашқы қадамдарды жасап жатқанымен, психолог-студенттерге арналған арт-психологиялық бағдарламаның рефлексия мен өзіндік сана аспектілері зерттелмеген бағыт болып қала береді. Мақала болашақ эмпирикалық зерттеулер үшін теориялық-әдіснамалық негіз ұсынады.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кайырова, Ж. і Бегалиева, Н. 2026. Психология ғылымында арт-психологиялық технологиялардың тұлғалық өсуге ықпалының теориялық және эмпирикалық зерттеліну жай-күйі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 182–195. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.016.