Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Болашақ психологтардың кәсіби қызметке психологиялық дайындығы құрылымындағы әлеуметтік және эмоционалдық интеллект

Жарияланған September 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада болашақ психологтардың кәсіби қызметке психологиялық дайындығы құрылымындағы әлеуметтік және эмоционалдық интеллекттің рөлі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі әлеуметтік орта жағдайында тиімді тұлғааралық өзара әрекеттесуге қабілетті мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру қажеттілігімен негізделеді. Зерттеудің мақсаты – студент-психологтардағы әлеуметтік және эмоционалдық интеллекттің даму ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ аталған компоненттер арасындағы өзара байланыстарды талдау. Эмпирикалық зерттеу Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында 1–2 курс студенттері (n=39) арасында жүргізілді. Диагностикалық құралдар ретінде Дж. Гилфордтың әлеуметтік интеллект тесті (Е.С. Михайлова бейімдеуі) және Д.В. Люсиннің «ЭмИн» эмоционалдық интеллект сауалнамасы қолданылды. Деректерді өңдеу үшін сипаттамалық статистика әдістері, үлестірімнің қалыптылығын тексеруге арналған Шапиро–Уилк критерийі және өзара байланыстарды анықтау үшін Спирменнің корреляциялық коэффициенті пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері студенттерде әлеуметтік және эмоционалдық интеллекттің жалпы алғанда орташа деңгейде дамығанын көрсетті. Сонымен қатар, жекелеген компоненттердің даму деңгейінде айырмашылықтар анықталды: әлеуметтік сигналдарды түсіну және интерпретациялау қабілеттері жақсырақ дамыған, ал күрделі тұлғааралық жағдайларды талдау және эмоцияларды, әсіресе басқалардың эмоцияларын басқару дағдылары салыстырмалы түрде төмен деңгейде қалыптасқан. Корреляциялық талдау әлеуметтік және эмоционалдық интеллект көрсеткіштері арасында статистикалық мәнді байланыстарды анықтаған жоқ, бұл оларды осы зерттеу аясында салыстырмалы түрде дербес құрылымдар ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер болашақ психологтарды кәсіби даярлау барысында әлеуметтік интеллекттің когнитивтік және эмоционалдық компоненттерін дифференциалды түрде дамыту қажеттілігін көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы әлеіметтік және эмоционалдық интеллектің бірөбіріне тең емес құбылыстар ретінде анықталуында; сондай-ақ зерртеу нәтижелерін әлеуметтік интеллектті дамыту бағдарламаларын әзірлеуде және студенттердің кәсіби қызметке психологиялық дайындығын арттыруда қолдану мүмкіндігінде көрінеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Джармухамбетов, М., Сатова, А., Мухамедова, Д. і Момбиева, Г. 2026. Болашақ психологтардың кәсіби қызметке психологиялық дайындығы құрылымындағы әлеуметтік және эмоционалдық интеллект. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 103–115. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.008.