Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ЭМПАТИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланған September 2026

0

0

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Жанна Оразова

Оразова Жанна Урумбасаровна – педагогика және психология магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, orazova.1974@bk.ru

Актюбинский региональный университет им.К.Жубанова
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Айгуль Рыстыгулова

Рыстыгулова Айгуль Таубаевна – педагогика және психология магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, arystygulova@zhubanov.edu.kz

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Бакитгуль Амантаева

Амантаева Бакитгуль Исламгалиевна – педагогика және психология магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, bamantayeva@zhubanov.edu.kz

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Жанагуль Ергарина

Ергарина Жанагуль Маратовна – педагогика және психология магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, ergarina1987@mail.ru

Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінде инклюзивті және арнайы білім берудің қарқынды дамуы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен кәсіби тұрғыда тиімді өзара әрекеттесе алатын, жоғары кәсіби құзыреттілікпен қатар дамыған тұлғалық және эмоционалдық қасиеттерге ие арнайы педагогтарды даярлау қажеттілігін арттырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда эмпатия болашақ арнайы педагогтың кәсіби даярлығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Эмпатиялық қабілет білім алушының эмоционалдық жағдайын түсінуге, оның жеке қажеттіліктері мен психологиялық ерекшеліктерін қабылдауға, сенімді педагогикалық қарым-қатынас орнатуға және қолайлы түзете-дамыту ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты – болашақ арнайы педагогтардың кәсіби даярлығындағы эмпатияның маңызын теориялық тұрғыдан негіздеу және олардың эмоционалдық жауап беру ерекшеліктерін эмпирикалық анықтау. Зерттеуде ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау, салыстыру, жүйелеу, жалпылау және диагностикалық әдістер қолданылды. Эмпирикалық зерттеуге Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 6В01902 – «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 4-курсындағы 44 студент қатысты. Эмоционалдық эмпатия деңгейін анықтау үшін А. Меграбян мен Н. Эпштейннің «Эмоционалдық жауап шкаласы» қолданылды. Нәтижелер студенттердің елеулі бөлігінде эмпатиялық қабілеттерді мақсатты түрде дамыту қажеттілігін көрсетті. Теориялық талдау негізінде кәсіби эмпатия когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлықтық-коммуникативтік және рефлексиялық-реттеушілік компоненттердің бірлігі ретінде қарастырылды. Зерттеу нәтижелері болашақ арнайы педагогтардың эмпатиясын кәсіби даярлық мазмұнына жүйелі кіріктірудің қажеттілігін негіздейді және арнайы ұйымдастырылған тренингтерді, кәсіби жағдаяттарды талдауды, рефлексиялық тапсырмалар мен педагогикалық практиканы пайдаланудың маңыздылығын айқындайды.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оразова, Ж., Рыстыгулова, А., Амантаева , Б. і Ергарина , Ж. 2026. БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ЭМПАТИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 88, 3 (Вер 2026), 195–209. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.88.3.015.