Мақалада жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлықтың алдын алуда когнитивті-мінез-құлықтық терапия әдістерін қолдану мәселесі қарастырылған. Суицидтік тенденциялардың қалыптасуына әсер ететін факторлардың теориялық талдауы ұсынылған, оған когнитивтік бұрмаланулар, эмоционалдық бұзылыстар және мінез-құлықтық үлгілер кіреді. Қауіп тобындағы жасөспірімдерге арналған когнитивті-мінез-құлықтық тәсіл принциптеріне негізделген психологиялық қолдау бағдарламасы сипатталған. Ұсынылған бағдарламаның тиімділігін растайтын формирлеуші эксперимент нәтижелері келтірілген. Эксперименттік топтағы қатысушылар арасында суицидтік тенденциялар, депрессия және алаңдаушылық деңгейінің статистикалық тұрғыдан маңызды түрде төмендегені анықталған.
Даму психологиясында жас ерекшеліктеріне байланысты дағдарыстар нормативті құбылыс ретінде қарастырылады. Әдетте олар баланың жаңа даму жағдайларымен байланысты болады: нәрестелік кезең, алғашқы дербестіктің көрінуі («өзім»), балабақшадан мектепке көшу және т.б. Бұл дағдарыстар күтілімдер (қалаулар) мен мүмкіндіктер арасындағы қайшылықта көрініс табады және психиканың сапалық өзгерістерімен қатар жүреді. Жас ерекшелігіне байланысты дағдарыстармен қатар, тұлғалық дағдарыстар да болады. Оларды қалай өткеретініміз біздің өмірлік тәжірибемізге, ішкі ресурстарымызға және жақын адамдардың қолдауына деген сенімімізге байланысты.
Егер жасөспірімге дейінгі кезеңде бала өз қалауымен ересектердің тұрақты қамқорлығында болса, ал ересек адамда дағдарыстарды еңсеру тәжірибесі қалыптасқан болса, өзін ересек сезінетін жасөспірімде өмірлік тәжірибе де, қателіктер арқылы үйрену тәжірибесі де әлі жеткіліксіз болады.

