Мақалада жастар арасындағы ойынға тәуелділік пен психологиялық әл-ауқаттың өзара байланысын қарастыратын теориялық-аналитикалық шолу ұсынылған. Ойынға тәуелділік өзін-өзі реттеу, эмоциялық реттеу және мотивациялық-мағыналық саладағы бұзылыстармен байланысты мінез-құлықтық аддикцияның бір түрі ретінде қарастырылады. Зерттеу әдіснамалық негізі ретінде халықаралық ғылыми дерекқорларда жарияланған клинико-психологиялық және пәнаралық еңбектерге жүйелік және салыстырмалы талдау жүргізілген. Шолу аясында К. Риффтің психологиялық әл-ауқаттың персонологиялық моделі, Р. Райан мен Э. Десидің өзін-өзі детерминациялау теориясы және М. Селигманның PERMA моделі ойынға тәуелділіктің қазіргі тұжырымдамаларымен интеграцияланған. Талдау нәтижелері психологиялық әл-ауқаттың төмендеуі, яғни автономияның, өзін-өзі реттеудің, эмоциялық тұрақтылықтың және өмірлік мағынаның жеткіліксіздігі ойынға тәуелділіктің қалыптасуындағы маңызды қауіп факторы екенін көрсетеді. Мұндай жағдайда ойын әрекеті уақытша компенсаторлық функция атқарып, психологиялық күйзелісті азайтқанымен, тұрақты психологиялық қызметті қамтамасыз етпейді. Зерттеу нәтижелері психологиялық әл-ауқатты өмір сапасының көрсеткіші ғана емес, ойынға тәуелділіктің алдын алудағы клинико-психологиялық ресурс ретінде қарастырудың маңыздылығын негіздейді. Алынған тұжырымдар жастарға арналған профилактикалық және психокоррекциялық бағдарламаларды әзірлеуде қолданылуы мүмкін.
Жастардың ойынға тәуелділігі мен психологиялық әл-ауқаты арасындағы байланыстың теориялық және аналитикалық шолуы
Жарияланған June 2026
3
2
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
ппсихологиялық әл-ауқат
ойынға тәуелділік,
клиникалық психология
мінез-құлықтық аддикциялар
өзін-өзі реттеу
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кадыракунова, К., Музыченко, А. і Тусубекова, К. 2026. Жастардың ойынға тәуелділігі мен психологиялық әл-ауқаты арасындағы байланыстың теориялық және аналитикалық шолуы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 219–227. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.019.

