Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Дене шынықтыру сабағында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда co-teaching әдісін қолданудың тиімділігі

Жарияланған June 2026

5

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Әділбек Байғалиев

Байғалиев, Ә.М. – аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан. e-mail: adil_inju@mail.ru

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Салтанат Өмірбек

Өмірбек С.Ж.психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан. E-mail: saltanatomirbek5@gmail.com

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Берик Ислямов

Ислямов, Б.Б. (байланысушы тұлға) – докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан. e-mail: berikislyamov@gmail.com

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ернар Оспанкулов

Оспанкулов, Е.Е. – PhD, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан. e-mail: ernar_erke@mail.ru

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ерлан Утегенов

Утегенов, Е.Қ. – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ, Қазақстан. e-mail: e.utegenovv@gmail.com

Аңдатпа

Бұл мақалада дене шынықтыру сабақтарында бірлескен оқыту (co-teaching) тәсілін қолданудың мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы тиімділігі талданады. Қазіргі кезде инклюзивті білім беру Қазақстанның білім беру жүйесіндегі стратегиялық басымдықтардың бірі саналады. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуі олардың тек физикалық дамуына ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік бейімделуіне және тұлғалық әлеуетін ашуына шешуші ықпал етеді.

Зерттеу жалпы білім беретін мектептің 5–6-сыныптарында оқитын 32 оқушының (N = 32) қатысуымен жүргізілді. Әдістер құрамына әдебиеттерге шолу, сабақтарды жүйелі бақылау, сауалнама алу және салыстырмалы талдау енгізілді. Нәтижелер co-teaching тәсілін қолдану сабаққа қатысу белсенділігін арттырғанын (62 % қарсы 38 %), әлеуметтік ынтымақтастықты күшейткенін (75 % қарсы 48 %) және физикалық тапсырмаларды орындау сапасын жақсартқанын көрсетті. Сонымен бірге сауалнама деректері оқушылардың өзіндік сенімі өскенін және мұғалімнің қолдауы жеткілікті деп бағаланғанын айқындады.

Қорытынды түрде айтқанда, зерттеу нәтижелері co-teaching тәсілінің инклюзивті ортада оқу жетістіктерін жақсартуға, әлеуметтік бейімделуді жеңілдетуге және педагогикалық практиканы дамытуға әсер ететінін көрсетті. Қазақстан мектептерінде бұл әдісті инклюзивті тәжірибеге кеңінен енгізу қажеттігі айқындалды.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Байғалиев, .Ә. , Өмірбек, С., Ислямов, Б., Оспанкулов , Е. і Утегенов , Е. 2026. Дене шынықтыру сабағында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда co-teaching әдісін қолданудың тиімділігі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 161–171. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.014.