Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Аддиктивті және мінез-құлықтық бұзылыстардан қайта қалпына келу механизміндегі терапевтік орта жағдайларының интериоризациясы

Жарияланған June 2026

4

2

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Астана медициналық университеті» КеАҚ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Қуаныш Алтынбеков

Медицина ғылымдарының докторы, «Астана медициналық университеті» КеАҚ, Астана қаласының «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры

Ілияса Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ермек Бурибаев

Заң ғылымдарының докторы, профессор, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ҰАО Басқарма төрағасы-ректор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Надежда Жиенбаева

Психология ғылымдарының докторы, профессор, профессор-зерттеуші

Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының Павлодар қаласындағы филиал ы
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гаухар Бектаева

Директор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Хамзина Хамзина

Заң ғылымдарының докторы, профессор, профессор-зерттеуші

Аңдатпа

Мақалада терапевтік орта мен тұлғаның қалыптасу үстіндегі психологиялық механизмдері аддиктивті және мінез-құлықтық бұзылыстардан қайта қалпына келу үдерісіндегі орны анықталған. Зерттеудің өзектілігі әлеуметтік тұрғыдан ұйымдастырылған реабилитациялық ортаның тек мінез-құлықты уақытша бақылауды ғана емес, сонымен қатар ремиссияны сақтауды қамтамасыз ететін тұрақты ішкі ресурстардың қалыптасуына қалай ықпал ететінін тереңірек түсіну қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты әртүрлі аддиктивті бұзылыстары бар пациенттердегі қалпына келудің субъективті түрде бастан кешірілетін сыртқы және ішкі жағдайларын талдау болды. Эмпирикалық база Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының Алматы, Павлодар және Астана қалаларындағы бөлімшелерін қамтыды; зерттеуге емдеу мен қалпына келудің әртүрлі кезеңдерінде болған 32 пациент қатысты. Әдістер ретінде жартылай құрылымданған клиникалық-психологиялық сұхбат және терапевтік қауымдастық жағдайындағы бақылау қолданылды. Нәтижелер терапевтік қауымдастық, эмпатиялық орта, күнделікті өмірдің құрылымдылығы, ұжымдық қызметке қатысу, өзін-өзі басқару элементтері және өзара жауапкершілік тәжірибелері қалпына келудің маңызды сыртқы жағдайлары ретінде болып табылатынын көрсетті. Пациенттердің реабилитациялық үдеріске қатысуы артқан сайын бұл жағдайлар біртіндеп интериоризацияланып, ішкі психологиялық ресурстарға айналады. Қалпына келудің негізгі ішкі механизмдеріне теріс мотивацияның емдеудің жалғыз негізі ретіндегі шектеулілігін ұғыну, ішкі проблеманы қабылдау, аддиктивті реттеу тәсілдеріне жүгінбей эмоционалдық күйзелістерді көтере білу қабілетінің дамуы, сондай-ақ субъектілік позицияның, рефлексивтіліктің және өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптасуы жатады. Қорытындыда аддиктивті бұзылыстар кезіндегі қалпына келу тек клиникалық емес, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық үдеріс екені, онда мінез-құлықты сыртқы реттеу формалары біртіндеп тұлғаның ішкі тіректеріне айналатыны көрсетілді. Алынған деректер тұрақты ремиссия механизмдері туралы түсініктерді кеңейтеді және терапевтік ортаның ұзақ мерзімді психологиялық өзгерістер факторы ретіндегі маңыздылығын айқындайды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Суюндыкова, Н., Алтынбеков , К., Бурибаев, Е., Жиенбаева, Н. , Бектаева, Г. і Хамзина, Ж. 2026. Аддиктивті және мінез-құлықтық бұзылыстардан қайта қалпына келу механизміндегі терапевтік орта жағдайларының интериоризациясы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 238–255. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.021.