Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Қызметтен тыс уақытта цифрлық байланысқа тартылу жағдайындағы эмоционалдық қажу құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасылық әл-ауқатының төмендеу факторы ретінде

Жарияланған June 2026

3

1

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гульназ Даулетова

«Психология» мамандығы бойынша PhD докторанты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби даңғылы, 71, 050040, Алматы, Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Майра Кабакова

Психология ғылымының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының зерттеуші профессоры, Әл- Фараби атындағы атындағы ұлттық университет.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Құндыз Мұса

Психология магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс PhD докторанты

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Зухра Садвакасова

Педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Анар Валиева

Психология ғылымдарының кандидаты, асс. профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті.

Аңдатпа

Мақалада жұмыс уақытынан тыс цифрлық белсенділіктің артуы салдарынан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасылық әл-ауқатына эмоционалдық қажудың әсері қарастырылады. Онда цифрлық технологиялардың үнемі қолжетімділігі және кәсіби қызмет пен жеке өмірдің арасындағы шекаралардың бұзылуы психологиялық қалпына келудің тапшылығын тудыратыны, ол эмоционалдық қажу қаупін арттыратыны атап көрсетілген. Зерттеудің мақсаты - құқық қорғау органдарына саласына қатысты ерлі-зайыптылардың эмоционалдық және кәсіби қажу көрсеткіштері мен отбасылық әл-ауқаттың сипаттамалары арасындағы байланысты анықтау.

Зерттеу әдістеріне психодиагностикалық әдістер (В.В. Бойко, К.  Маслач және С.Джексон, А.Н. Волкова, Ю.Е. Алешина және басқалар) және Спирманның рангтік корреляция коэффициентін қолдана отырып статистикалық деректерді өңдеу кірді. Эмпирикалық үлгі 52 ерлі-зайыпты жұптан тұрды (N = 104).

Зерттеу нәтижелері эмоционалды қажу деңгейлері мен отбасылық әл-ауқат көрсеткіштері арасында, әсіресе эмоционалды, тұрмыстық және интимдік салаларда айтарлықтай теріс корреляцияларды анықтады (ρ -0,704-тен -0,988-ге дейін, p < 0,01). Анықталған өзара байланыстар жұмыстан психологиялық «байланысты үзудің» алдын алатын және кәсіби шиеленістің отбасылық жүйеге ауысуына ықпал ететін цифрлық өзара әрекеттесу тұжырымдамасы арқылы түсіндіріледі.

Негізгі тұжырымдар құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы эмоционалды қажу отбасылық қарым-қатынастардың сапасына көп қырлы, деструктивті әсер ететінін, ал жұмыс уақытынан тыс цифрлық қамтылу аталған динамиканы күшейтетін маңызды фактор ретінде әрекет ететінін көрсетеді. Нәтижелер күштік құрылымдарда қажудың алдын алу бағдарламаларын әзірлеу және құқық қорғау органдарындағы цифрлық коммуникацияларды реттеу қажеттілігін көрсетеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Даулетова, Г., Кабакова, М., Муса, К., Садвакасова, З. і Валиева, А. 2026. Қызметтен тыс уақытта цифрлық байланысқа тартылу жағдайындағы эмоционалдық қажу құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасылық әл-ауқатының төмендеу факторы ретінде. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 352–362. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.029.