Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Ата-ана ұстанымдарының əлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері

Жарияланған June 2026

4

0

«Тұран» университеті
Казахский национальный женский педагогический университет
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аңдатпа

Зерттеу Қазақстандағы ата-аналардың отбасылық өмірге қатынасын аймақтық, отбасылық жағдай және балалар саны бойынша салыстырмалы талдауға арналған. Зерттеуге 380 респондент қамтылып, олардың эмоциялық реакциялары, қамқорлық деңгейі, отбасына тәуелділік, ерік-жігерді басу, өзін құрбан ету, ренжітуден қорқу, отбасылық жанжал, ашуланшақтық, ата-ана беделі және балалардың дамуына ықпал ету факторлары өлшенді.

Н Крускал-Уоллис критерийінің нәтижелері көрсеткендей, ата-ананың тұрғылықты мекені бойынша вербализация, шамадан тыс қамқорлық, отбасына тәуелділік, ерік-жігерді басу, өзін құрбан ету, ренжітуден қорқу, ашуланшақтық, ата-ананың артық беделі, агрессивтілікті басу және балалардың белсенділігін дамыту сияқты көрсеткіштерде статистикалық маңызды айырмашылықтар байқалды (p < .05). Сондай-ақ, отбасылық жағдай бойынша жесір және ажырасқан ата-аналарда эмоциялық бақылау, қамқорлық, агрессивтілікті басу және ата-ана беделі жоғарылағаны анықталды, ал үйленбеген/тұрмыс құрмаған, бірақ қарым-қатынастағы респонденттерде бұл көрсеткіштер төмен болды. Отбасындағы балалар санының әсері де маңызды болып, көп балалы отбасыларда кейбір бақылау және өздігінен әрекет ету шектеулері байқалды, әсіресе ананың өз бетінше әрекет етпеуі және қарым-қатынастарды теңестіру аспектілерінде (p < .05).

Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы отбасылық динамиканы терең түсінуге, ата-ананың тәрбие стратегияларын оңтайландыруға және психологиялық қолдау бағдарламаларын әзірлеуге практикалық ұсыныстар береді.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бапаева, С., Бапаева, М., Куантканова, Ф., Багибаева, М., Аубәкір, А. і Байздрахманова, А. 2026. Ата-ана ұстанымдарының əлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 327–351. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.028.