Мақалада студенттердің оқу іс-әрекетіндегі өзін-өзі реттеу деңгейі зерттелді. Зерттеуде А.В. Моросанованың ССУД-2011 әдістемесі (Оқу іс-әрекетіндегі өзін-өзі реттеу) және В.А. Доскин, Н.А. Лаврентьева, В.Б. Шарая мен М.П. Мирошникова әзірлеген САН әдістемесі (Самочувствие – Активность – Настроение) қолданылды; ССУД-2011 әдістемесі қазақ тіліне бейімделіп, оның сенімділігі Альфа Кронбах коэффициенті арқылы тексерілді.
Нәтижелер студенттердің оқу іс-әрекетін жоспарлау, бақылау және өзін-өзі бағалау қабілеттерінде айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Спирмен бойынша жүргізілген корреляциялық талдау эмоционалдық күй, белсенділік көрсеткіштері мен студенттердің өзін-өзі реттеу деңгейі арасында статистикалық тұрғыдан мәнді оң байланыстар бар екенін анықтады, бұл оқу тапсырмаларын сәтті орындауда эмоционалдық құрамдастың маңыздылығын растайды. Алынған деректер оқу бағдарламаларын жетілдіруде, студенттердің жеке оқу стратегияларын дамытуда және олардың академиялық жетістігін арттыруда қолданылуы мүмкін.

