Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СҰХБАТТАСУ

Жарияланған March 2026

2

2

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Зухра Садвакасова

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, Алматы, 050040, Әл-Фараби даңғылы, 71. Электрондық пошта: zuhrasad2@mail.ru

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Нурлан Нагманов

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанты, Алматы, Қазақстан. Электрондық пошта: nurlan.nagmanov1981@gmail.com

Q» University, Алматы, Казахстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ләззат Комекбаева

Көмекбаева Л.К. – хат-хабар авторы, психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Q университеті, Алматы, Қазақстан; e-mail: klk62@mail.ru

Аңдатпа

Мақалада пенитенциарлық мекемелердің психологиялық қызметі іс-әрекетіндегі мотивациялық сұхбаттасудың рөлі және оны тұтқындармен жұмыста қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Әдіс когнитивтік-мінез-құлықтық тәсілдегі үшінші толқынында дайындалып жасалған.

Зерттеудің өзектілігі оқшаулану жағдайындағы сотталғандардың жеке басының өзгеруіне, ішкі мотивациясын арттыруға, деструктивтік мінез-құлықтық формаларын төмендетуге және өздерінің өмірлік шешімдері үшін жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған тиімді психологиялық әдістерді енгізу қажеттілігімен байланыстылығымен түсіндіріледі.

Зерттеудің мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға психологиялық көмек көрсету және сүйемелдеу әдісі ретінде мотивациялық сұхбаттасуды қолдану мүмкіндіктерін теориялық талдау және негіздеу, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелердің психологиялық қызметі іс-әрекетінде оның әлеуетін анықтау.

Мақалада мотивациялық сұхбаттасуда кеңесшінің негізгі мақсаттары, міндеттері, дағдылары, стильдері ашылады. Пенитенциарлық ортаның ерекшелігін, психологиялық қорғау деңгейін, мамандарға сенімсіздік пен өзгерістерге төмен дайындықты ескере отырып, тұтқындармен мотивациялық сұхбаттасудың әдістемесіне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, пенитенциарлық мекемедегі сотталушының ойлауын, мінез-құлқын өзгерту құралдары, әдістері және жауапты тәсілге бағыттылығы қарастырылады.

Зерттеу нәтижелері пенитенциарлық мекемелер психологтарының жұмысында мотивациялық сұхбаттасуды қолдану сотталғандардың өз мінез-құлқына қатысты саналы мойындауын арттыруға, оң өзгерістерге ішкі мотивацияны қалыптастыруға, психологиялық әсерге қарсылықты төмендетуге және терапевтік альянсты нығайтуға ықпал ететінін көрсетті. Бұл әдісті қолдану қайталану және деструктивтік мінез-құлықтың алдын алу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ тұтқындардың эмоциялық жағдайы мен бейімделу ресурстарын жақсартуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы пенитенциарлық мекемелердің психологиялық қызметінің іс-әрекетінде берілген теориялық ережелер мен әдістемелік ұсыныстарды қолдану мүмкіндігі болып табылады. Мақаланың материалдары психологтардың практикалық жұмысында, сондай-ақ пенитенциарлық психология саласында жұмыс істейтін мамандарды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінде қолданылуыға болады.

 

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Садвакасова, З., Нагманов , Н. і Комекбаева, Л. 2026. ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СҰХБАТТАСУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 86, 1 (Бер 2026), 216–227. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.86.1.021.