Бұл мақалада жастар арасындағы аддиктивті мінез-құлыққа бейімділік пен олардың қолданатын копинг-стратегияларының психологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – аддикцияға бейім жастардың тұлғалық сипаттамаларын, стресс жағдайында қолданылатын бейімделу тәсілдерін және олардың өзара байланысын анықтау. Теориялық талдау аддиктивті мінез-құлықты тудыратын психологиялық факторларды, тәуекел топтарының ерекшеліктерін және конструктивті, деструктивті копинг стратегияларының айырмашылықтарын сипаттайды. Эмпирикалық зерттеу нәтижелері жастарда кездесетін аддикцияның негізгі түрлерін (интернетке тәуелділік, гаджетке тәуелділік, психобелсенді заттар және мінез-құлықтық тәуелділіктер) және олардың копинг-стильдерінің деңгейлерін айқындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар аддиктивті мінез-құлық көрсеткіштері мен деструктивті копинг арасында оң корреляциялық байланыстар анықталды. Мақала соңында білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметке арналған алдын алу, диагностика, психокоррекция және тұлғалық ресурстарды дамыту бағыттарындағы практикалық ұсыныстар берілді.
Жастар арасындағы аддиктивті мінез_құлық пен копинг- стратегияларының психологиялық ерекшеліктері
Жарияланған June 2026
2
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
аддиктивті мінер-құлық
тәуелділік
копинг-стратегиялар
жастар
психологиялық қызмет
профилактика
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Букешова, С., Ниетбаева , Г., Гелишли, Ю., Санай, Г. і Кәдірбай, Ә. 2026. Жастар арасындағы аддиктивті мінез_құлық пен копинг- стратегияларының психологиялық ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 205–218. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.018.

