Мақала Қазақстанда инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балалардың ата-аналарын психологиялық қолдау мәселесін қарастырады. Мемлекеттік деңгейде инклюзивті білім беру принциптерінің нормативтік-құқықтық бекітілуіне қарамастан, отбасылар үшін жүйелік және қолжетімді психологиялық көмек нысандарының тапшылығы байқалады. Тиісті психологиялық-педагогикалық қолдаудың болмауы ата-аналарда эмоционалды түгесілу синдромының пайда болуына, отбасылық өзара іс-қимыл тұрақтылығының бұзылысына және бала – ата-ана қарым-қатынасы сапасының төмендеуіне әкеп соқтыра отырып, инклюзивті білім беру ортасы тиімділігін тежейді. Зерттеу әдіснамасы сауалнама негізінде аралас сапалық-сандық дизайнға негізделген. 37 ата-ана жиынына жүргізілген сауалнама нәтижесінде, мектепке дейінгі ЕББҚ балалардың әртүрлі категорияларының аса маңызды психологиялық қиындықтары анықталды: бала дамуының ерекшелігін қабылдау қиындығы (51,6%), эмоционалды түгесілу және созылмалы шаршағыштық (43,5%), білім беру мекемелері және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл қақтығыстары (30,6%), отбасылардың келеңсіз қатынасы және әлеуметтік оқшаулануы (29%). Нәтижелер психологиялық қолдаудың кешенді жүйесін құрастыруды, оның ішінде дағдарыс интервенцияларын, жеке консультацияларды және қашықтан әрекеттесудің интерактивті технологияларын жасау қажеттігін көрсетеді.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған March 2026
7
7
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
инклюзивті білім беру
психологиялық сүйемелдеу
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар
ЕББҚ балалардың ата-аналары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Керимбаева, Р., Сыздыкбаева, А., Оспанбаева, М., Санай, Г., Иминова, Ю. і Наурузбаев, Д. 2026. ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 86, 1 (Бер 2026), 355–366. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.86.1.033.

