Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Қазақстандық жəне шетелдік студенттердің эмоционалдық əл-ауқатын əлеуметтікпсихологиялық болжаушыларын кросс-мəдени талдау

Жарияланған June 2026

5

0

КазНУ
ҚазҰУ
ҚазҰУ
ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Аңдатпа

Мақалада білім беру бейімделуі контекстінде қазақстандық және шетелдік студенттердің эмоционалдық әл-ауқатының кросс-мәдени айырмашылықтары мен болжаушыларына (предикторларына) арналған зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – эмоционалдық өзін-өзі тиімділіктің, эмоцияларды реттеу стратегияларының және әлеуметтік қолдауды қабылдаудың эмоционалдық әл-ауқатты қалыптастырудағы үлесін айқындау, сондай-ақ әртүрлі мәдени топ өкілдері арасындағы айырмашылықтарды анықтау болды.

Зерттеуге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әртүрлі мамандықтарында оқитын 212 студент қатысты, олардың ішінде 102 қазақстандық және 110 шетелдік (қытайлық) студент бар, сонымен қатар 77 қыз және 135 ер адам. Зерттеу барысында валидтелген психометриялық әдістемелер қолданылды: Эмоционалдық өзін-өзі тиімділік шкаласы (ESES), Эмоцияларды реттеу сауалнамасы (ERQ), Позитивті және негативті аффект шкаласы (PANAS), Депрессия, мазасыздық және күйзеліс шкаласы (DASS-21) және Әлеуметтік қолдауды қабылдаудың көпөлшемді шкаласы (MSPSS).

Мәліметтерді өңдеу үшін сипаттамалық статистика, корреляциялық және көптік регрессиялық талдау, дисперсиялық талдау (MANOVA), сондай-ақ медиаторлық әсерлерді тексеру үшін PROCESS макросы (A. Hayes) пайдаланылды. Нәтижелер эмоционалдық өзін-өзі тиімділік пен әлеуметтік қолдау эмоционалдық әл-ауқаттың маңызды болжаушылары екенін, ал эмоцияларды басу стратегиясы дистресс деңгейінің жоғарылауымен байланысты екенін көрсетті. Студенттік топтар арасында статистикалық тұрғыдан мәнді кросс-мәдени айырмашылықтар анықталды.

Зерттеудің ғылыми-теориялық маңыздылығы эмоционалдық әл-ауқат құрылымын кросс-мәдени тұрғыдан түсінуді кеңейту мен эмоционалдық өзін-өзі тиімділіктің мета-жеке конструкт ретіндегі рөлін нақтылауда. Практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелерді шетелдік студенттердің психологиялық бейімделуін қолдау және эмоционалдық күйзелістің алдын алу бағдарламаларын әзірлеуде, сондай-ақ университеттік қолдау қызметтері мен студенттердің эмоционалдық және әлеуметтік ресурстарын нығайтуға бағытталған білім беру интервенцияларын жетілдіруде қолдану мүмкіндігінде.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қонысбай, Т., Aimaganbetova, O., Nurmakhanbetov, A., Khazratova, N. і Sadykova, N. 2026. Қазақстандық жəне шетелдік студенттердің эмоционалдық əл-ауқатын əлеуметтікпсихологиялық болжаушыларын кросс-мəдени талдау. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 267 – 278. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.023.