Мақалада студенттердің перфекционизм деңгейі мен эмоционалдық дистресс арасындағы өзара байланыс кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу мақсаты – перфекционистік тұлғалық ерекшеліктердің студенттердің психологиялық саулығына және стресс деңгейіне әсерін анықтау. Теориялық бөлімде перфекционизм ұғымының көпөлшемді құрылымы, оның адаптивті және дезадаптивті түрлері, сондай-ақ когнитивтік және тұлғааралық тетіктері талданады (Hewitt & Flett, 2017). Эмпирикалық бөлімде Хьюитт пен Флеттің көпөлшемді перфекционизм шкаласы (MPS) және Кесслердің эмоционалдық дистресс шкаласы (Kessler-10) қолданылды. Зерттеу нәтижелері студенттердің перфекционизм мен эмоционалдық дистресс деңгейлері арасында статистикалық тұрғыдан мәнді оң корреляция бар екенін көрсетті (r = 0,46 ** (p < 0,01). Бұл жоғары перфекционистік ұмтылыстар студенттердің эмоционалдық күйзелісін арттырып, психологиялық әл-ауқатына теріс әсер етуі мүмкін екенін, перфекционизм деңгейі олардың эмоционалдық дистресс деңгейімен тікелей байланысты екені дәлелдейді. Жоғары перфекционизм өзіндік қысым, мазасыздық және эмоционалдық қажуға алып келеді. Алынған нәтижелер жоғары оқу орындарында психологиялық қолдау мен профилактикалық бағдарламаларды ұйымдастырудың өзектілігін айқындайды және студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын дамыту бойынша практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
СТУДЕНТТЕРДЕГІ ПЕРФЕКЦИОНИЗМ МЕН ЭМОЦИЯЛЫҚ ДИСТРЕССТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Жарияланған December 2025
18
33
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Рахимжанова, Н., Тұрганбаева, Б., Беленко, О. і Абишева, Ш. 2025. СТУДЕНТТЕРДЕГІ ПЕРФЕКЦИОНИЗМ МЕН ЭМОЦИЯЛЫҚ ДИСТРЕССТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 85, 4 (Груд 2025), 78–88. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.85.4.007.

