Бұл ғылыми мақалада қазіргі жастардың эмоционалды интеллектісін (ЭИ) дамытудың психологиялық негіздері қарастырылады. Эмоционалды интеллект – адамның өз эмоцияларын және айналасындағы адамдардың сезімдерін тану, түсіну, басқару қабілеті. Қазіргі заманда жастардың тұлғалық дамуы мен қоғамға бейімделуінде эмоционалды интеллект маңызды рөл атқарады. Мақалада эмоциналды интеллект ұғымының теориялық негіздері, оның құрылымы мен компоненттері (өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, эмпатия, мотивация, әлеуметтік дағдылар) талданады.
Сонымен қатар, жастардың жас ерекшеліктеріне байланысты эмоционалды интеллектінің дамуы, оған әсер ететін әлеуметтік-психологиялық факторлар сипатталады. Мақалада эмоционалды интеллектіні дамытуда отбасылық тәрбие, оқу ортасы, құрдастарымен қарым-қатынас, медиа құралдарының ықпалы қарастырылады. Эмоционалды интеллекті жоғары жастардың өмірге бейімділігі, конфликтілерді шешу қабілеті, психологиялық тұрақтылығы жоғары болатыны көрсетілген.
Зерттеу нәтижелері жастардың эмоционалды интеллектісін дамыту үшін арнайы психологиялық бағдарламалар мен тренингтердің маңыздылығын дәлелдейді. Бұл жұмыс болашақта мамандарды даярлау, білім беру мен тәрбие жүйесін жетілдіру тұрғысынан өзекті болып табылады.

