Мақала оқу мен жұмысты біріктіретін студент қыздардағы зейін жеткіліксіздік пен гиперактивтілігінің (ЗЖГС) гендерлік ерекшеліктерін зерттеуіне арналған. ЗЖГС белгілері әйелдерде қалай пайда болатынына ерекше назар аударылады, олардың еркектерден айырмашылығы, алаңдаушылық, мазасыздық және стресске төмен төзімділік сияқты ішкі көріністер басым болады, ал гипербелсенділік әлсіздеу болуы мүмкін. Бұл көбінесе кеш диагностикаға және сол себептен оқу және кәсіби қызметте қолдаудың жеткіліксіздігіне әкеледі. Сонымен бірге әйелдерде коморбидтіліктің жоғары дәрежесі байқалады, бұл диагнозды одан әрі қиындатады.
Зерттеу аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған Adult ADHD Self-Report Scale әдісін қолданды. Сұхбат Астана қаласы университеттерінде оқитын 18-21 жас аралығындағы 77 студент қыздардың арасында жүргізілді. Барлық қатысушылар оқу мен еңбек іс-әрекетін қатар алып жүреді. Олардың 26-сында ЗЖГС белгілері анықталды. Кейін симптомдардың оқу үлгеріміне, шоғырлануға, оқытушылармен өзара әрекеттесуге және уақытты ұйымдастыруға әсерін анықтауына бағытталған қосымша сауалнама жүргізілді.

